Здравствуйте, Гость!
Мы просим вас войти или зарегистрироваться у нас на сайте.
Это откроет для вас дополнительные возможности
и раскроет весь потенциал нашего сайта.


Обновления сайта:

Статистика
» Зарег. на сайте
» Всего: 5706
» Новых за месяц: 2316
» Новых за неделю: 577
» Новых вчера: 101
» Новых сегодня: 75



Онлайн всего: 4
Гостей: 3
Пользователей: 1


Облако тегов

Главная » Файлы » Информатика

Алгоритм және оның түрлері.
[ Скачать с сервера (605.5Kb) · Скриншот ] 08.04.2016, 10:24

Күні 27.11.15 ж. 7 сынып Бекітемін: _____________
Тақырып: Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритм жазу пішімі. Блок-схемалар.
Мақсаты:
1. Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс - әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.
2. Оқушыларға алгоритмнің типтері және жазу пішімі туралы жалпы мағлұмат беру.
3. Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, жаңа тақырыпты түсіндіру.
Көрнекіліктер: компьютер, интербелсенді тақта, суреттер, ребус, ресурстар,
Әдіс-тәсілдер: «Миға шабуыл», «Автобус аялдамасы», «Сәйкестендіру», сергіту сәті, диалогтік оқыту, жеке дара, топтық жұмыс
Сілтеме: Интернет материалдары (сайт Google.kz),
Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, таратпа карточкалар, постер, стикерлер.
Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері
Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 1 мин

Сыныпты түгендеу
Амандасу, оқушылардың психологиялық ахуалын қалыптастыру
Топтарға бөлу:
І топ: Сызықтық
ІІ топ: Циклдік
ІІІ топ: Тармақталған Сынып старостасы сыныпты тізім бойынша түгендейді.

Шаттық шеңберіне тұрып, қандай деген сұраққа жауап беру.
Үй тапсырмасын тексеру 8 мин
«Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.
«Адасқан әріптер» әдісі. Оқушыларға карточкалар тараып беру. Электронды оқулықтан тапсырмалар орындайды.
Сұрақтары:
1.Операциялық жүйе дегеніміз не?
2.Файл дегеніміз не? Мысал келтір.
3. Қапшықтың анықтамын айт. Неше түрі бар?
4. Обьектілер дегеніміз не?
5. Себет дегеніміз не? Қызметі қандай?
Ребус шешу:

Оқушылар тез - тез карточкадағы сөздерді құрастыру керек.
Электронды оқулықтардағы тапсырмаларыды орындау.
Сұрақтарға жауап беру.
Ой қозғау, жаңа тақырыпқа шығу 4 мин
Ребусты шешу арқылы жасырылған жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Ребусты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
Білу
Түсіну 10 мин
Электронды оқулықты іске қосу.
Оқушыларға жаңа тақырыпты ЖИКСО әдісі арқылы бір-біріне түсіндіру және жаңа тақырып бойынша постерге түсіру.
І топ – Алгоритм түсінігі, түрлері
ІІ топ – Алгоритм қасиеттері
ІІІ топ – Блок – схемалар. Оқушыларға жаңа тақырыпты ЖИКСО әдісі арқылы бір-біріне түсіндіреді және жаңа тақырып бойынша тақтаға тірек сөздерді іледі.
Постерді толтырады, қорғайды.
Талдау.
Тапсырмалар орындау.
5 мин
Тапсырма №1. Төтенше жағдай тудырмау үшін, «Судың қайнау» алгоритмін дұрыс құру.
Алгоритм «Судың қайнауы»:
• Газдың кранын ашу.
• Шәйнекті плитаға қою.
• Судың қайнауын күту.
• Шырпыны газға апару.
• Шырпыны жағу.
• Шәйнекке су құю.
• Газды өшіру.
Тапсырма №2 «Ағашты өсіру» алгоритмінің реттілігін дұрыс орналастырыңдар.
1.Шұңқырды толтыр…
2.Шұңқырды қаз
3.Су сепкішті алып, көшетті отырғыз
4.Күрек пен көшетті ал
5.Көшетті шұңқырға сал.
6.Күрек пен су сепкішті орнына қой

Тапсырма№3.
“Өзеннің жағасында қасқыр, ешкі, капуста және қайықпен тасушы бар екен. Тасушы қасқыр, ешкі, капуста үшеуін, қасқырды ешкімен, ешкіні капустамен жеке қалдырмай отырып өзеннің келесі жағасына көшіруі керек. Мұны қалай жасауға болады.”
Сергіту сәті
2 мин
Интербелсенді тақтадағы жаттығуды көрсетеді. Жаттығулар жасау.

Қолдану.
«Автобус аялдамасы» әдісі 5 мин
Информатикалық диктант. Интерактивті тақтада жаңа тақырып бойынша көп нүктенің орнына тиісті сөздерді орналастыру. Информатикалық диктант. Интерактивті тақтада жаңа тақырып бойынша көп нүктенің орнына тиісті сөздерді орналастырады
Жинақтау 5 мин
Тест жұмысы.
1. «Алгоритм» атауы қайдан шыққан?
А) Мұхаммед әл-Хорезми атының латынша айтылуынан
Ә) Латынның algoritm сөзінен
Б)Мұхаммед әл-Хорезми атының арабша айтылуынан
В)Әл-Фараби атының латынша айтылуынан
2. Алгоритм дегеніміз не?
А) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысында орындалатын әрекеттері
Ә) Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар
Б) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысындағы ретімен орындалатын түсінікті дәл ұйғарым
В) Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып жұмыс жасау
3. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін көрсет
А) алгоритмнің айқындылығы, түсініктілігі, тиістілігі
Ә) алгоритмнің айқындылығы, үздіктілігі, жалпыға бірдейлігі, нәтижелігі, формальді орындалуы
Б) алгоритмнің үздіктілігі, түсініктілігі, тиістілігі, мақсаттылығы
В) алгоритмнің айқындығы, мақсатталығы, тиістілігі, жалпыға бірдейлігі
4. Блок-схемада қандай геометириялық фигураларды қолданбайды?
А) тіл төртбұрыш, ромб Ә) стрелкалар, параллелограм
Б) ромб, параллелограм В) шеңбер, үшбұрыш
5. Алгоритмнің түрлерін көрсет
А) сызықтық, тармақталу, көрсеткіштік
Ә) тармақталу, қайталану, шарттық
Б) сызықтық, тармақталу, циклдік
В) циклдік, қайталану, шарттық, сызықтық Жауап парақтарын толтыру.
Жұптық жұмыс. /Бірін – бірі тексереді./.
Рефлекция алу.
Сабақ туралы ойларыңды стикердің бет жағына жазып тақтаға апарып іліңдер!
«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзін әрқашан жадымызды ұстап, сабағымызды аяқтаймыз.
Кері байланыс: 2 мин Стикер арқылы әр оқушы бүгінгі сабақ туралы өз ойларын жазады.
Кері байланыс.
1. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
2. Тапсырмалар қиын болды ма?
3. Ұсыныстар: Оқушылар стикерге бүгінгі сабақ туралы өз ойларын жазып көңіл-күй смайлигінің астына жабыстырды
Бағалау 3 мин
Бағалау парағына сүйене отырып, журналға баға қояды. Топ басшылары бағалау парағын толтырып, мұғалімге береді.
Үйге тапсырма 1 мин
«Алгоритм» кілт сөзіне сөзжұмбақ құрастыру. Реферат жазып келу. Үй тапсырмасын күнделікке жазу

Информатикалық диктант
Алгоритм атауы атақты араб ...................... Әл-Хорезми есімінің латынша ................. жазылуынан шыққан. Алгоритмнің ....................... орындалуын жүзеге асыру үшін қолданылатын бірыңғай және дәл жазуға арналған ережелер жүйесі ...........................деп аталады. Алгоритмнің неше..................түрі бар. Алгоритмнің 3 түрі бар олар: .................., ........................, .......................

Категория: Информатика | Добавил: Salta
Просмотров: 753 | Загрузок: 26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Форма входа
Логин:
Пароль:

Это важно!








Счетчик материалов
Сообщений на форуме: 0/0 Банк материалов: 96
Комментариев: 9
Гостевая книга: 15
Банк статей: 59
Вакансии: 7
Новости: 24
Сайтов: 5
Тесты: 4
FAQ: 4


Мы рады приветствовать Вас на Российском информационно-образовательном портале!

Данный проект позволяет сделать образовательный процесс более «прозрачным» для родителей учеников и
более эффективным и насыщенным для детей и педагогов.
В различных разделах настоящего портала Вы можете:
поучаствовать в опросе, высказать свое мнение о качестве предоставляемых услуг   
разместить свои методические разработки в "Банке материалов", получив именной сертификат;
разместить свои статьи в "Банке статей", получив именной сертификат;
стать активным участником нашего форума, получив сертификат;
обменяться мнениями и полезной информацией и многое другое!
Copyright MyCorp © 2017